Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кербұлақ ауданының полицейлері іздеуде болған күдіктіні ұстады

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Кербұлақ ауданының тәртіп сақшылары бұрын жасаған қылмысы үшін іздеу жарияланған күдіктіні тауып, аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамауға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті басқарған көлік жол-көлік оқиғасына себепкер болып, соның салдарынан екі адам қаза болған. Жазадан жалтарған күдікті бой тасалап, сот шешімімен оған іздеу жарияланған.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір ол қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды,- деді жедел уәкіл Әлихан Туралыев.

Аудандық криминалдық полиция өкілінің ақпараты бойынша 1968 жылы туған күдікті осы уақытқа дейін Ресей Федерациясының аумағында өмір сүрген. Ол жазадан құтылғанына үміттеніп, 2019 жылы елімізге қайта оралған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оның мекенжайын анықтап, Шығыс Қазақстан облысынан ұстап, Сарыөзек кентіне жеткізген.

Жуырда сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталып, қылмыстық іс материалдары сот органдарының қарауына жолданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру