Алматы полицейлері төлем аппаратын ұрлаған күдіктіні анықтады
Алматы полицейлері төлем аппаратын ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Іле ауданы ПБ Кезекші бөліміне Жетіген ауылының 33 жастағы тұрғыны дүкен сөресінен төлем аппаратын ұрлаған белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау жайында жазбаша арызданған.
Алдын ала деректер бойынша келтірілген залал сомасы шамамен 500 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 45 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.