Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 3900-ден астам көлік айыптұраққа қойылды

Шымкентте 3900-ден астам көлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Елімізде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды дер кезінде анықтау мақсатында “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” бағдарламасы іске қосылып, өз нәтижесін беріп жатыр. Осы ретте Шымкент қаласының полицейлері жаңа бағдарлама арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алып келеді.

Мәселен, сәуір айынан бастап “Сергек Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен миллионды қала – Шымкентте 175 460 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген – 69, автокөлік терезесін күңгірттеп алған – 5853, тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 1430 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.

Қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 302, бағдаршамның тыйым салынған түсіне (сигналына) өтіп кеткен – 1266, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 798, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ – 955 жүргізуші белгілі болды.

Сондай-ақ басқару құқығынан айырылған – 43, өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 164744 хаттама толтырылып, 3905 автокөлік айыптұраққа жеткізілді. “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен жыл басынан бері 8076-дан астам жол қозғалысы ережесін бұзған 2350 жүргізуші ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру