Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері қан тапсырды

Түркістан облысының полицейлері қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Елімізде жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан қаншама адам қаза тауып, жарақат алады. Сондықтан жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу мен жол апаттарының алдын алу, болдырмау мақсатында 14 қарашадан бері “Қауіпсіз жол жүрісі апталығы” акциясы басталған болатын. 

Осы іс-шараға байланысты, сондай-ақ ҚР “Халық денсаулығы және оның денсаулық сақтау жүйесі” туралы кодексіне сәйкес, Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Донор күнін өткізді.

Яғни, отырарлық 30-дан астам полиция қызметкері қан орталығына барып, қан тапсырды. Осы тұста айта кеткен жөн, киелі облыс полицейлері үнемі қан тапсырып, мұқтаждарға көмек көрсетіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру