Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің кездесуі өтті

Алматы полиция департаментінде тәлімгерлер кеңесінің кездесуі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінде департамент басшылығы мен ішкі істер органдарының генералдарынан құралған тәлімгерлер кеңесінің мүшелері арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – өткен кезеңдегі бірлескен жұмыстың қорытындыларын шығару, алдағы міндеттерді талқылау және алдағы жылға арналған өзара іс-қимылдың басым бағыттарын айқындау болды.

Сонымен қатар ішкі істер органдары жүйесіндегі тәлімгерлік институтының рөліне, тәлімгерлердің полиция бөлімшелерінің қызметіне практикалық тұрғыда қатысуына ерекше назар аударылды.

Атап өтілгендей департаменттің әрбір құрылымдық бөлімшесіне ішкі істер органдарының генералдары қатарынан тәлімгерлер бекітілген. Олар тұрақты негізде әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсетіп, басқарушылық және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі, сондай-ақ қызметтік қызметтің өзекті бағыттары бойынша практикалық шешімдер әзірлеуге қатысады.

- Тәлімгерлер кеңесі – аға буынның мол тәжірибесі мен кәсіби даналығына сүйенген нақты ресурс. Тәлімгерлерді бөлімшелерге бекіту сабақтастықты қамтамасыз етіп, қызметтік тәртіпті нығайтуға және басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өзара іс-қимыл форматы алдағы уақытта да дамытылады, – деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов тәлімгерлер кеңесінің маңыздылығына тоқталып.

Кездесу барысында қатысушылар полиция қызметінің тиімділігін арттыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін күшейтуге бағытталған пікірлер мен ұсыныстармен алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыра отырып, конструктивті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру