Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы 80-нен астам тіркелмеген қаруды анықтады

Алматы полициясы 80-нен астам тіркелмеген қаруды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл – тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолданумен жасалған қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында өткізілген “Қару” республикалық жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесі.

– Тексерумен барлығы 35118 жеке азаматтық қару иелері мен 295 заңды тұлға, оның ішінде 16 арнайы дүкен қамтылды. Нәтижесінде азаматтық және қызметтік қаруды сақтау, есепке алу және қайта тіркеу шарттарын бұзудың 976 дерегі анықталып, нәтижесінде 971 жеке меншік иесі және 5 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталған заң бұзушылықтар жойылғанша олардан 605 бірлік тіркелген қару тәркіленді, – деді Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сонымен қатар Асхат Құлбаевтың айтуынша, іс-шара барысында заңсыз айналымнан 81 бірлік тіркелмеген қару, екі бірлік жарылғыш құрылғы, бір мыңнан астам оқ-дәрі, алты бірлік салқын қару, 11 граната және 276 электрошокер тәркіленді.

– ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша тіркелмеген винтовкалық, тегіс ұңғылы, газ-травматикалық, газды, пневматикалық және электрлік қаруды заңсыз сақтағаны үшін барлығы 45 қылмыстық іс және ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша алты әкімшілік іс қозғалды, – деді Құлбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру