Алматы полициясы: аса қауіпті қылмыскер қашып кетуге тырысып, 12-қабаттағы терезеден секірді
Алматыда аса қауіпті қылмыскер қашып кетуге тырысып, 12-қабаттағы терезеден секірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алайда оның әрекеті сәтсіз аяқталды.
Екібастұздан келген 1989 жылы туған Ш.есімді азамат, полиция қызметкерлерімен кәмелетке толмаған қызды зорлады және қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ұсталды.
– Бұл қылмыс 11 шілдеде жеке секторда орын алды. Түскі уақытта белгісіз біреу Покровская көшесінде орналасқан үйлердің біріне кілтті таңдау ақылы кірді. Сол сәтте үйде екі бала болды: төрт жасар бала және оның 15 жасар әпкесі. Пышақпен қорқытып, қаскөй 17 мың долларды иемденіп, содан кейін қызды қорлады. Осы өрескел және аса ауыр қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Бүгін біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жасырынып отырған мекен-жайын анықтады. Бұл Әл-Фараби даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінің 12-қабатындағы пәтер. Ш.азаматты ұстау барысында қашып кетуге тырысты: ол ашық терезеден секіріп, төмендегі террасаға түсті, оның артынан өз өмірін қауіпке тігіп, полицияның жедел уәкілі, полиция майоры Бақытжан Бәкіров секірді. Ол аяғының сынғанына қарамастан, күдіктінің жолын жауып, қашып кетуіне мүмкіндік бермеді, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ерлан Аянбаев.
Қазіргі уақытта тергеу Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүргізілуде: ҚР ҚК 192-бабы 4-бөлігі және ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігі. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сонымен қатар, Алматы қалалық ПД-де майор Бәкіров аса қауіпті қылмыскерді бейтараптандыру кезінде көрсеткен белсенділігі үшін көтермеленетінін айтты.