Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі еккен қызылордалық ұсталды

Шеңгел арасында есірткі еккен Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың шілденің 13 күні Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөліміне Қарғалы ауылынан батысқа қарай шамамен 80 шақырым жерде қалың шеңгел-жыңғылдар арасында, өзіне тән ерекше иісі бар жасыл түсті сора өсімдігіне ұқсас өсімдіктердің өсіп тұрғаны бойынша хабарлама түсті.  Жедел тергеу тобы оқиға орнында Қызылорда облысы, Арал қаласының 42 жастағы тұрғынын ұстады.

Оқиға орнын тексеру барысында, тұрғынның шеңгел-жыңғылдар арасында жалпы 1116 түп жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді еккендігі анықталды.            Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен “Ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру