Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері мұқтаж отбасыға көмек көрсетті

Түркістан облысының полицейлері азық-түлік таратып, қайырымдылық жасап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қашанда көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуге келгенде белсенділік танытып жүрген Түркістан облысының полицейлері екі отбасына көмек көрсетіп, алғысына бөленді.

Бұл жолы Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бес баланың анасы Г.Егеноваға және екі баланың анасы З.Ганиеваға күнделікті қажетті азық-түліктер табысталып, қайырымдылық жасалды. Осылайша полицейлер аз қамтылған отбасы мен көпбалалы ананың үйлеріне арнайы барып, қуантып қайтты.

Тәртіп сақшылары тарапынан қамқорлықты сезінген отбасы мүшелері аудан сақшыларына ізгі амалдары үшін алғыстарын жеткізіп, қызметтеріне табыстар тіледі.

Осындай қиын сәтте бізге демеу болып, қамқорлық танытқан полицейлерге алғыс айтамыз. Отбасылары аман болсын. Абырой-даңқтары арта берсін, – деді көпбалалы ана.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болуды да естен шығармаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады, дейді бәйдібектік полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру