Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талаптарының сақталуы қатаң бақылауда тұр

Шымкентте орта және шағын кәсіпкерлік объектілерінің жұмыс уақыты мен карантин талаптарын сақтауы тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында Шымкент қаласы бас санитариялық дәрігері А.К. Тулебаевтың №25,26 қауыларының орындалуына қамтамасыз ету мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында рейд өтті. 

Бірлескен шараға Әл-Фараби АПБ Жергілікті полиция бөлемінің учаскелік инспекторылары, Әл-Фараби ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен Қауіпсіздігін бақылау басқармасының  және БАҚ өкілдері қатысты. 

Іс-шара барысында Әкімшілік аумақта орналасқан орта және шағын кәсіпкерлік объектілерінің жұмыс уақыты мен карантин талаптарын сақтауы тексерілді. 

Алдағы уақытта да карантиндік шектеу шараларын сақтау барасына тұрақты рейдтер жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру