Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы азаматтарға Жапония мен Кореяға виза рәсімдеп беремін деген күдіктіні ұстады

Алматы полициясы азаматтарға Жапония мен Кореяға виза рәсімдеп беремін деп жалған уәде берген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы өз блогында Жапония мен Кореяда ақша табудың жолдары туралы айтып, қажетті құжаттарды оп-оңай, кедергісіз рәсімдеп беруге уәде берді. Жақсы жарнамаланған блогтың 10 мыңнан астам жазылушысы және “клиенттердің” таусылмайтын ағыны жас жігітке жалған визаларды рәсімдеуге бастау болған.

– 22 жастағы күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның үстінен 15 адам полицияға арыз түсірген. “Қызметі” үшін алдын ала 100 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін ақша алған. Алданған адамдар бұдан да көп болуы мүмкін. Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: 8-707-142-01-11 және 8-702-777-11-40, – деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

– ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру