Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы бірнеше алаяқтыққа қатысы бар азаматты ұстады

Алматы полициясы бірнеше алаяқтыққа қатысы бар азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полицейлері кемінде төрт азаматты алдап кеткен 18 жастағы жасөспірімді ұстады. Тәртіп сақшыларының алдын ала мәліметі бойынша А.есімді азамат сауда және ойын-сауық орталықтарында шағын әлеуметтік ролик түсіру үшін келушілерге жақындап, телефондарын сұраған.

– Жәбірленушілердің арасында күдіктінің танысы бар. Ол түсірілім сапасы маңызды екендігіне сендіріп, одан Apple iPhone 11 телефонын сұрап алған. Аңғал азаматтар жас жігіттің өтінішінен бас тартқан жоқ. Қолына гаджетті алғаннан кейін күдікті жасырынып қалған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жастағы А.есімді азамат ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның төрт алаяқтық ісіне қатысы болуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Олар бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру