Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында нәзік жанды полиция қызметкерлерінің арасында үздік атқыш анықталды

Павлодар облысында нәзік жанды полиция қызметкерлерінің арасында үздік атқыш анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Динамо” спорт кешенінде Қазақстан Республикасы ІІМ жүйесінде тергеу бөлімшелерінің құрылғанына 60 жыл толуына орай тергеу бөлімшелерінің қыздары арасында атыс бойынша турнир өтті.

Полицей қыздары мергендік сайысын бастамас бұрын нұсқаушы қатысушыларға қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді.

Жарысты Павлодар облысы департаменті басшысының орынбасары Рашад Өтеуов ашып, қатысушыларды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтап, баршаға жеңіс тіледі, бұл спорт түрінен сенімділік, төзімділік, ұстамдылық сияқты қасиеттер өте маңызды екенін атап өтті. Форма киген ханым ұқыптылық пен ептілік танытып, тек сүйкімділікпен ғана емес, дәл атумен де күресе алатынын тағы бір дәлелдеді.

Жеңіске деген шынайы ерік-жігер мен жақсы ату техникасын Екібастұз қалалық полициясының тергеу бөлімі бастығының орынбасары  Мәншүк Дисупова көрсетті. Екінші орынды Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімі тергеушісінің көмекшісі Алина Нұрланқызы иеленді. Қола жүлдені полиция аға тергеушісі Ақмарал Нұржанова иеленді.

Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерге гүл шоқтары, дипломдар мен естелік сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру