Алматы полициясы екі дөңгелекті көлікті ұрлықтан қалай сақтау керектігін айтты
Алматы полициясы екі дөңгелекті көлікті ұрлықтан қалай сақтау керектігін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биылғы жылы бөтеннің мүлкін ұрлаумен күрестің өзекті бағыты – мопед, велосипед, самокаттар ұрлығының алдын алу.
Сараптамаға сәйкес, көп жағдайда ұрлықтың бұл түрі кейбір азаматтардың өз мүлкіне ұқыпсыз қарауынан, мопедтерін, велосипедтерін және самокаттарын қараусыз қалдыру салдарынан болады
Полиция кеңесі:
– Серуендеуден кейін велосипедтерді, арбаларды және самокаттарды пәтерлерге, жабдықталған қоймаларға немесе жертөлелерге кіргізу керек. Кіре берісте қалдырылған мүлік, тіпті оны ұрлыққа қарсы троспен бекіткен жағдайда да, оның қауіпсіздігіне кепілдік бермейді, өйткені қаскөйлер тростарды арнайы дайындалған құралдармен оңай кесіп алады;
– Күнделікті пәтерге мүлікті кіргізу мүмкін болмаған жағдайда, үйдің жанынан қажетті ғимаратты таңдау қажет (гараждар, күзетілетін жеке аумақтар, көлік тұрақтардың аумақтары, жеке үйлердің аумақтары және т.б.);
– Қала бойынша саяхаттау кезінде велосипедтер мен самокаттарды күзетілетін жерлерде немесе бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарда қалдыру қажет (нысанның күзетінің, полицияның мобильді бекеттерінің жанында, кеңсенің және басқа да ғимараттың негізгі кіреберісінің алдына);
– Ұрлық болған жағдайда полиция қызметкерлерін жедел бағдарлау үшін оқиға туралы дереу “102” пультіне хабарлау қажет.
Бұл жағдайда ұрланған мүлік туралы ақпаратты дайындап қою керек (құжаттары, маркасы, түсі, суреті, сериялық немесе басқа нөмірлік белгілері).