Алматы полициясы екі жасты ерсі қылықтары үшін жазалады
Алматы полициясы екі жасты ерсі қылықтары үшін жазалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы ПД-ның әлеуметтік желідегі арнайы мониторингтік тобы жас алматылықтар жасаған бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады. Кеше кешкісін 19 жастағы жігіт пен 21 жастағы қыз мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзды.
– Жұп өздерінің ерсі, қоғамдық емес әрекеттерін өздерінің әлеуттік желідегі парақшаларында жариялады. Бейнеде олар алкогольдік ішімдіктерді ішіп, содан кейін көшеде бос бөтелкелерді ұрып, айқайлап, балағат сөздер айтатыны көрсетілген. Айыпталушылардың жеке бастары дереу анықталды. Олар өз кінәларын мойындап, өкінуге асықты. Ұсталғандарға қатысты 4 әкімшілік хаттама жасалды: ҚР ӘҚбК-нің 440 бабы – мас күйінде қоғамдық орынға шығу, ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы (әрқайсысы үшін) – ұсақ бұзақылық, ҚР ӘҚбК-нің 434-2 бабы – қоғамдық орындардың ластануы. Өндірістік материалдар МАӘС-қа жіберілді, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.