Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды тұрғыны кафеде танысқан әйелдің ұялы телефонын алып кеткен

Қарағанды тұрғыны кафеде танысқан әйелдің ұялы телефонын алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 сәуірде 37 жастағы әйел адам Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне хабарласып, бегілі бір ер адамның ұялы телефонын алып кеткені туралы айтып шағымданды. Жәбірленуші әйел қаладағы кафелердің бірінде ер адаммен танысқан. Біраз уақыттан соң, шұғыл қоңырау соғуым қажет деп ұялы телефонын сұрап алған ер адам, сыртқа шығып қайтып оралмаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

22 сәуірде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті, 31 жастағы ер адамды ұстады. Ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

Сондай-ақ, полиция күдіктінің екінші осындай ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру