Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы еріктілер қозғалысына алғыстарын білдірді

Полицияға жан-жақты көмек көрсетіп жүрген көрнекті қоғам өкілдері ынталандырылды. Марапаттау рәсімі Алматы ПД-де өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысымен күресушілердің айтуынша, биыл еріктілермен бірлесіп, есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 4 878 граффити-жазбалар табылып, өшірілді.

Алматы қалалық «Жастар саясатын дамыту» мемлекеттік қорының еріктілерімен бірлесіп алдын алу іс-шаралары жүргізілуде, буклеттер, «Есірткіге жол жоқ!» логотипі бар көп рет қолданылатын бетперделер көбейтілуде.

– «Жастар саясатын дамыту» мемлекеттік қорының негізгі бағыттарының бірі – жастар арасындағы алдын алу жұмысы. Жыл ішінде есірткі қылмысымен күресу, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша 50-ден астам науқандар мен рейдтер ұйымдастырылып, өткізілді. Бүгін Жастар ресурстық орталықтары мен «Жастар саясатын дамыту» мемлекеттік қорының қызметкерлері мен белсенділері алғыс хатқа ие болды. Қолдау көрсеткені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз, – деп қорытындылады Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру