Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО Полиция департаментінде жыл қорытындыланды

БҚО Полиция департаментінде Махсудхан Аблазимовтың төрағалығымен қорытынды кеңес өтті. Онда 2021 жылдың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңеске Департамент бастығының орынбасарлары, сондай-ақ, Департаменттің дербес басқармалары мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты. Департамент бастығының орынбасарлары қаралып отырған кезеңдегі атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Департамент бастығы жалпы өңірдегі жедел жағдай мен қоғамдық-саяси жағдай тұрақты болып қалатынын, оның асқыну қаупі мен қатері байқалмайтынын атап өтті.

Жыл қорытындысы бойынша облыс аумағында құқық бұзушылықтар саны 8,5%-ға төмендеді және ішкі істер органдарының қызметін бағалау кезінде негізгі өлшем болып табылатын ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіші артты. Жалпы, қылмыстың барлық түрлері бойынша оларды ашу пайызының өсу үрдісі байқалады.

Мемлекет басшысының ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмасына сәйкес мал ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдануда. Мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында мал ұрлығымен айналысатын тоғыз қылмыстық топтың қызметі әшкереленді.

Сонымен қатар, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жұмыстарының нәтижесінде 82 килограмнан астам есірткі заты тәркіленді.

Облыс полициясының жедел-қызметтік жұмысы туралы қорытынды есептерді тыңдаған Махсудхан Аблазимов Елбасының Қазақстан халқына жолдауында айтылған “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асырудағы ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Оның аясында 2021 жылдың қазан айынан бастап облыс аумағында полиция жұмысының сервистік моделін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды.

Жедел кеңес соңында БҚО ПД бастығы жедел-қызметтік жұмыстың көрсеткіштерін жақсарту және халықтың полицияға деген сенімін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру