Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті қорытынды жиналыс өткізді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті қорытынды жиналыс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінің мәжіліс залында ведомстволық бағынысты және құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен 2021 жылғы атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша департамент бастығы Нияз Рыспаев қорытынды жиналыс өткізді.
Жиналыста бес мекеме бастықтары және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары атқарылған жұмыстары бойынша баяндама жасады.

Қорытынды жиналыс соңында департамент бастығы мекемелерде өткен жылы жүргізілген жұмыстарды алдағы 2022 жылы да қарқынды түрде жалғастыруға тапсырма берді.

2021 жылды қорытындылау бойынша өз қызметтерін үздік атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды. Атап айтар болсақ, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың грамотасымен сегіз, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен алты, ҚР Ұлттық Ұланның 5513 әскери бөлімінен жеті, ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен жеті қызметкер марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру