Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жазасын өтеушілер дәстүрлі спорт түрлерінен сынға түсті

Жамбыл облысында жазасын өтеушілер дәстүрлі спорт түрлерінен сынға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы ҚАЖД-ға қарасты №26 түзеу мекемесінде Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесіне орай жазасын өтеушілердің арасында спорттық іс-шара өтті.

Бұл күні сотталған азаматтар арқан тарту, қол күресі және асық ату ойындарынан өзара бақ сынасты. Олар жарыс барысында жақсы нәтижеге көрсетуге ұмтылып, белсенділік танытты.

№26 түзеу мекемесінің бастығы Бағдат Байтуреевтің айтуынша, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясында сотталғандардың қатысуымен спорттық мәдени іс-шаралар кеңінен ұйымдастырылып жатыр.

– Арнайы контингент өкілдерін қоғамға бейімдеуде мәдени және спорттық іс-шаралардың алар орны ерекше. Бұған дейін мекеме ішінде өткен барлық шараларда сотты болғандар белсенділік танытып келді. Ал, әз-Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған бүгінгі жарыста жазасын өтеушілер ерекше ықылас танытты. Дәстүрлі спорт түрлерінен сынға түскен олар жеңіске жету жолында алдарына жан салмады. Қателеспейтін пенде болмайды. Біздің міндетіміз – жазаға басқандарға жол көрсету, қоғамға қайта бейімдеу, – деді Б.Байтуреев.

Сайыс соңында барлық қатысушылар марапатталып, сый-сияпат табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру