Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полиция бастығы халықпен есеп беру кездесуін өткізді

Ақмола облысының полиция бастығы халықпен есеп беру кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мукашев халық алдында құқық қорғау органының жұмысы туралы есеп беріп, ведомствоның қызметіне қатысты азаматтардың өзекті сұрақтарына жауап берді.

Есеп беру кездесуі ведомствоның Instagram желісіндегі ресми аккаунтында және бірінші басшының Faсebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында өтті. Кездесуді онлайн ұйымдастыру арқылы барынша көп қатысушыны қамтуға мүмкіндік туды.  Өңірдің барлық елді мекендерінің тұрғындарына қол жетімді болды.

Басшы азаматтарды облыс аумағындағы жедел ахуалдың жай-күйі және оны тұрақтандыру бойынша полиция қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті. Статистикалық ақпарат ретінде өткен жылғы мәліметтер келтірілді.

– Қылмыстың, оның ішінде ауыр қылмыстың түрлері 9%-ға төмендеді. Атап айтқанда қабылданған жедел және алдын алу шараларымен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар саны 15,1%-ға, көшелерде 11,3%-ға азайды. Жасөспірімдер қылмысының 30%-ға төмендеуі жақсы көрсеткіш. Жалпы аймақта мүліктік қылмыстар мен жеке тұлғаға қарсы қылмыстар аз тіркелген, – деді департамент бастығы.

Нұрсұлтан Мукашев халықтың назарын интернет-алаяқтық сияқты қылмыстардың өсуіне аударды. Ең көп таралған қылмыстардың ішінде бір жыл бойы бөтеннің мүлкін ұрлаумен қатар “жетекші” позицияны иеленген – бұл алаяқтық, әсіресе интернет-ресурстар, онлайн-несиелеу және әртүрлі мобильді қосымшалар арқылы жасалған.

Өткен жылы жедел бөлімшелермен жүз интернет-алаяқтық ашылып, тоқсан адам жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, полицейлер алты дропперді ұстады, олар негізінен егде жастағы тұрғындардың 24 миллион теңгесін жымқырған.

Қаскүнемдер өздерінің қылмыстық схемаларын жетілдіріп отырған сайын, полицейлер де олармен күресудің жаңа әдістерін енгізуде.

Департамент бастығы халыққа құқық қорғау органдары жұмысының барлық бағыттары туралы айтып берді. Бұл есірткі қылмысына, әсіресе синтетикалық есірткіге қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, жолдардағы апат деңгейін төмендету, мал ұрлығының алдын алу, полицияның күнделікті қызметіне цифрландыру үдерістерін енгізу.

Тұрғындарды өңірдегі жедел жағдаймен таныстыра отырып, Нұрсұлтан Мукашев нақты уақыт режимінде есептік кездесуге дайындық кезінде және тікелей эфирде түскен азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесуде тұрғындар тарапынан дактилоскопиялық және геномдық тіркеу рәсімінен өтуге, еуропалық хаттама сияқты жаңалықтарды енгізуге және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңнаманы қатаңдатуға байланысты өтініштер айтылды.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Мукашев жастарды оңай табыс табуға уәде беретін қызықты ұсыныстардан сақтандырды.

Бірінші басшының ақпараты бойынша 2023 жылы бейіндік бөлімшенің қызметкерлері 15 есірткіні жасырынқойып кетушіні ұстады. Оның үшеуі кәмелетке толмағандар. Заңсыз айналымнан полицейлер 217 келіден астам тыйым салынған заттарды тәркілеп, 4 есірткі зертханасын жойып, есірткі жарнамасы бар 60-тан астам сайтты бұғаттады.

Кездесу қорытындысы бойынша бірде-бір сұрақ немесе өтініш жауапсыз қалмайды, жақын арада барлық өтініш берушілерге түсініктеме беріледі. Бір сағаттың ішінде бірінші басшы полиция қызметінің әртүрлі салаларына қатысты 20-дан астам сұраққа жеке жауап берді.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары ақмолалықтарға белсенді ұстанымы және онлайн кездесуге қатысқаны үшін алғыс білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру