Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері тұрғындарға адам саудасынан қалай қорғану керектігін айтты

Абай облысының полицейлері тұрғындарға адам саудасынан қалай қорғану керектігін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құлдық пен адам саудасы – қазіргі әлемнің жаһандық мәселесі. Қылмыскерлердің құрбаны болмау, еңбек және жыныстық қанаудан аулақ болу – осы және басқа да мәселелер Абай облысының полицейлері жүргізіп жатқан профилактикалық жұмыстың негізі болды.

Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Мұқыр ауылы мен Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесті. Олар заңсыз пайдалану нысандары мен жалдау тәсілдері туралы айтып, “жақсы табыс” уәде етілген сонымен бірге “жұмыстың” сипатын дәл көрсетпеген интернет-ресурстардан аулақ болу керектігін ескертті. Мұндай хабарландырулар еңбек және жыныстық қанау үшін құлдарды жеткізетін қаскүнемдердің алғашқы қадамдардың бірі болмақ. Бейтаныс адамдармен кез келген келіссөздер кезінде өзіңіз туралы қысым тұтқасына айналуы мүмкін ақпарат беруге болмайды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары адам саудасына байланысты қылмысқа қатысқаны үшін заңда 7 жылға дейін, ауырлататын жағдайларда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделгенін айтты.

Тұрғындарға буклеттер мен флайерлер таратылды, адам саудасының қауіптілігі түсіндірілді, осындай қылмыстармен байланысты болуы мүмкін кез келген факті туралы дереу “102” арнасына немесе 11616 және 8-8000-8000-15 республикалық сенім телефондарына хабарлау керек екенін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру