Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында екі көпірден қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

Жамбыл облысында екі көпірден қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЖД-158/4 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері бір травматикалық тапанша мен 39 дана 5.45 калибрлі оқ-дәрі тапты.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шарасы барысында аталған қару-жарақ Жамбыл ауданының аумағындағы Аса өзенінің Бірлесу ауылына өтетін көпірден табылды.

Сондай-ақ, дәл осы ЖД-158/4 мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері шұғыл ақпараттардың ықпалымен, Жамбыл облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Тараз қаласындағы Ауыл-Береке базарына жетпей, Горбатый көпірінің астынан бір газбен атылатын қару және 20 дана 7.62 калибрлі оқ-дәрі табылды.

Табылған бұл қару-жарақтар Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облыстық Полиция департаментінен ұрланған қару болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру