Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері еркін күрестен ауданаралық жарысқа қатысты

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері еркін күрестен ауданаралық жарысқа қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайысты Шемонаиха ауданының әкімшілігі ұйымдастырды. Бәсекеге ауданнан 20-дан астам палуан қатысып, боз кілемде белдесті. Білек күшімен қарсыластарының жауырынын жерге тигізген палуандарға аудандық әкімшіліктен алғыс хаттар пен сыйлықтар табысталды.

Осы додалы жарыста ШҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты ОВ 156/6 мекемесінің қызметкерлері де қалыс қалмай, екі санатты салмақ дәрежесі аралығында 80-нен жоғары салмақпен және 80-нен төмен салмақта күресті. Күрес нәтижесінде, қауіпсіздігі жоғары мекемесінің тәртіп бөлімінің бастығы Ринат Султабаев  I-ші орынға ие болды. Ол еркін күрестен спорт шебері, 80-нен жоғары салмақ дәрежесіндегі Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, одан басқа самбо мен қоян-қолтық ұрыстардың жеңімпазы. ҚАЖ саласында өткізілетін халықаралық турнирлардың жүлдегері.

Палуан жігіттің спортқа деген қызығушылығы бала кезінен басталған, сондай-ақ футбол мен атқа мінуді де ұнататынын айта кетті. Қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет атқарғанына қарамастан әлі күнге дейін жаттығып отыратынын жеткізді.

– Спорттағы кумирім өзіміздің жерлесіміз – Дәулет Болатұлы. Ағамыз сияқты болуды армандадым. Бүгінгі жарыстың мақсаты – жастарымызды осы күреспен шұғылдануға баулу. Осы екі
жылда карантин шектеулеріне байланысты мұндай жарыстар аз өткізілді. Сондықтан осы жарысқа ерекше ынтамен қатыстық, – дейді Ринат.

Ринат бүгінде төрт ұл тәрбиелеп отыр, ұлдарының да осы спорт түрімен шұғылданатынын айта кетті.

Ал 80-нен төмен салмақта белдескен Қылмыстық-атқару жүйесінің жас палуаны Ерсін Тұрсын да I-ші орынды иеленген болатын. Ерсін бала кезден армрестлинг пен қазақша күрестен жүлделі орындарды иеленіп жүрген жас спортшы. Қазіргі уақытта ол жасақ бастығы лауазымында қызмет атқарып келеді.

– Қазақша күрес – ұлттық төл спортымыз, біздің күрес ешқандай спорт түрлеріне ұқсамайды. Бұл ұлттық спорт түрі жылдамдық, ептілік, күш және айла-тәсілдердің кең түрлерін пайдаланумен маған өте қызық. Қазақша күресте негізгі мақсаттың бірі – әділдік, көрерменге асқан шабыт сыйлайтын спорттың түрі, – деп атап өтті жас қызметкер Ерсін.

Шара аса тартысты, қызық өтті. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың сөзінше, бәсекеге қатысушы палуандарға халық риза болды. Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендер атынан зор алғыс жауды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру