Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында сотталғандар карикатуралар салып өзара жарысты

Жамбыл облысында сотталғандар карикатуралар салып өзара жарысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/4 мекемесінде күлкі күніне арналған “Әзіл де, байыпты да” атты карикатуралар плакаттық-байқау ұйымдастырылды. Байқауға мекеме бойынша барлық жасақтардан сотталғандар қатысты. Байқауға тек жастар ғана емес, сондай-ақ жасы үлкен сотталғандар да қатысты. Барлық жазасын өтеушілердің назарына алдын ала байқауды өткізу ережесі мен шарттары жеткізілді.

Қазылар алқасы құрамына мекеменің психологтары, мекеме бастығының режим және жедел жұмысы бойынша орынбасары Серікбол Бахтияров, арнайы есеп, режим бөлімі қызметкерлері және Жамбыл облысының үкімдік емес ұйымының топ жетекшісі Гусеинали Насиров, Оглы Сахиб және мүшесі Ғабит Әйтенов кірді.

Карикатуралық плакаттардың тақырыбы жан-жақты әрі ауқымды болды. Мәселен, түрлі маман иелеріне, жануарларға байланысты, тіпті түзеу мекемесі қызметкері мен сотталған аласындағы қатынасқа дейін бейнеленген.

Жеңімпаздар және де барлық байқауға қатысқан сотталғандар мекеменің қоғамдық өміріне атсалысқаны үшін марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру