Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД бастығы халыққа полицияның атқарған жұмысы туралы айтып берді

Павлодар облысы ПД бастығы халыққа полицияның атқарған жұмысы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 наурызда Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың халықпен есептік кездесуі өтті. Кездесу Полиция департаментінің базасында офлайн режимінде өтті, ал қалалар мен аудандардың тұрғындары ZOOM режимінде қосылды. ПД клубына облыс орталығының тұрғындары, еріктілер, қоғамдық көмекшілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шақырылды.

Фойеде қонақтарға жаңа үлгідегі полицейлік форма көрсетілді, онда форманың артықшылығы мен алдыңғыдан айырмашылығы туралы айтылды.

Кездесу барысында Василий Скляр барлық қатысушыларды өңірдегі қылмыстық жағдайдың жай-күйі, жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жұмыс нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы хабардар етті. Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және қылмыстарды тергеуге бағытталған департаменттің барлық бөлімшелерінің қызметі айтылды.
Баяндама соңында қатысушыларға полиция қызметіне қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Сұрақтар түрлі тақырыптарға қойылды – алаяқтықтан сақтануға қатысты; есірткінің таралу мәселелері; ЖҚЕ бұзатын жүргізушілерге қандай шаралар қолданылады; көші-қон қызметі; тұрмыстық зорлық-зомбылық; айыппұл төлеу мәселелері. Әрқайсысына бастықпен және бөлімше басшыларымен толық жауаптар берілді. Олардың кейбіреулері Василий Склярдың жеке бақылауына алынды.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары тиімді жұмыс үшін алғыстарын білдіріп, өңір еріктілері полицейлерге тұрақты кері байланыс пен жемісті ынтымақтастық үшін алғыстарын білдірді.
Айта кету керек, залда отырғандардан басқа, облыс аудандарының тұрғындары ZOOM режиміндегі іс-шараға қатысып, сұрақтар қойып, ұсыныстар енгізді.

Кездесу ашық, сенімді диалог форматында өтті.

Сондай-ақ, кездесу соңында Василий Скляр еріктілерді, қоғамдық көмекшілерді және полицияға белсенді көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін грамоталармен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру