Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полициясы күшейтілген қызмет түріне көшуде

Ақтөбе облысының полициясы күшейтілген қызмет түріне көшуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында 2021 жылғы 31 желтоқсан – 2022 жылғы 5 қаңтар аралығында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне ауыстырылады.

Көшелерде полиция жасақтарының, соның ішінде жаяу жүретін жасақтардың саны артатын болады. Сондай-ақ мерекелік іс-шараларды өткізу орындарды, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін және адамдар көп жиналатын орындарды барынша қамтуды ескере отырып, нарядтарды патрульдеу маршруттарына қажетті түзетулер енгізілді. Ішкі істер органдарының қызметкерлерінен басқа қоғамдық тәртіпті сақтауға Ұлттық ұланның қызметкерлері де тартылатын болады.

– Мереке күндері полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар өткізуде. Саптық қызметтің жеке құрамныңы алдына қойылған басты міндеті – бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығы Ардана Саймағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру