Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО ПД бастығы азаматтарды жеке қабылдады

Махсудхан Аблазимов Тасқала ауданына жұмыс сапарымен барып, тұрғындарды жеке қабылдады, сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің жұмысын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңір тұрғындары қабылдауға түрлі сұрақтармен келді. Қабылдау кезінде Тасқала ауданы тұрғындарының бірі полиция қызметкерлеріне ұрланған телефонды жедел тауып, қайтарғаны үшін алғысын білдірді.

Департамент бастығымен кездесуге келген ІІО ардагерлері де шетте қалмады. Олар полиция жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтты. Ардагерлердің бірі полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру және еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында полиция ғимаратында жөндеу жүргізуді ұсынды.

Сапар барысында БҚО полиция бастығы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің Тасқала ауданының тұрғындарына есеп беру кездесуіне қатысты.

Департамент бастығы Тасқала аудандық ПБ жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді, онда Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында айтылған талаптарды түсіндіріп, жүргізіліп жатқан полиция реформасының кезеңдерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру