Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-ның Қаратөбе ауданында жаңа полиция ғимараты ашылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында жаңа полиция ғимараты ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауданға БҚО ПД бастығының орынбасары Абылайхан Серіков және БҚО ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Қадыржан Сағын жаңа нысанның жай-күйімен танысуға арнайы барды.

Сонымен қатар, салтанатты шараның ашылуына Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан, аудан прокуроры Алмас Таспихов пен ІІО саласында қызмет еткен ардагерлер қатысты.

– Сервиске бағдарланған полиция қызметі – азаматтарға құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін ынтымақтастықтың жаңа әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін модель. Осы тұрғыда Қаратөбе ауданында жаңадан ашылған бұл ғимарат полиция қызметкерлеріне оқиға орнына жылдам баруға және қылмыстың алдын алуға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Полицияға осындай қолайлы жағдайлар жасалып жатқаннан кейін тәртіп сақшылары өздеріне жүктелген міндетті адал әрі абыроймен атқаратынына сенім білдіремін, – деді БҚО ПД бастығының орынбасары Абылайхан Серіков.

– Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қаратөбе ауданындағы полиция ғимаратының ашылуы құтты болсын. БҚО ПД бастығы Махсудхан Нұғыманұлының тікелей бақылауымен аталған полиция ғимараты заманауи талаптарға сай салынған. Жұмыстарыңызға сәттілік, еңбектеріңіз жана берсін, – деп БҚО ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Қадыржан Сағын өз лебізін білдірді.

Қаратөбе аудандық полиция бөлімінің бастығы Роман Дүйсеғалиевтің сөзінше, ғимаратта қызметкерлерге жеке бөлмелер қарастырылған. Барлық бөлме заманға сай техникамен толық жабдықталған, қолайлы жұмыс жасауға жағдай жасалған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру