Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да бөтелкелесін өлтірген ер адам ұсталды

Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Орал қаласының тұрғыны “ізін суытпай” ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеудің алдын-ала нұсқасы бойынша кісі өлтіру спирттік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде туындаған жанжал салдарынан болған.

Оқиға Деркөл ауылында орын алған. 33 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды. Қабылданған шаралар бойынша “ізін суытпай” 36 жастағы ер адам ұсталды.

Бірлесіп ішімдік ішу кезінде күдікті мен марқұмның арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Ұрыс барысында ер адам әйелді өлтірген. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру