Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада сотталғандар арасында дін мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақмолада сотталғандар арасында дін мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Террористік және экстремистік қылмыстары үшін сотталғандар арасында Ақмола облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЕЦ-166/25 мекемесінде Ислам дінін дұрыс түсіну сабақтарын Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі, теолог Сейітқали Әділқожа тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Аудиторияның назарын аудару үшін Сейітқали қазақстандық және әлемдік ислам ғалымдарының қатысуымен түсініктемелері бар қызықты материалдарды дайындап, сотталғандарға арнайы жасалған бейнефильмдерді көрсетеді.

Теолог жұмысы мақсатты түрде жүргізілуде, мұнда бастысы – адасқандарға діннің негізгі ережелерін түсіндіру. Сотталғандардың басым бөлігі ақпараттың аздығынан, сауатсыздығынан, білімнің жоқтығынан экстремистік желіге түсіп қалады.

– Мен мұны қалай көрмегенімді түсінбеймін, мамандар қарапайым түрде жеткізгеннен кейін, не айтқанын естігенде бәрі түсінікті болды. Мен көптеген қателік жібердім, бұл өте өкінішті. Әсіресе, жас жігіттерге айтарым – мамандарға жүгініңіздер, кездейсоқ адамдарға сеніп, отбасыңыз бен жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіздер, – дейді сотталған Серік.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру