Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда адам өлтіру қылмысы “ізін суытпай” ашылды

Алматыда адам өлтіру қылмысы “ізін суытпай” ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында орын алды. Хабарлама сағат 08:59-да “102” пультіне келіп түсті.

Аңшылық мылтықтан 1975 жылы туған Ш.есімді азамат кісі қолынан көз жұмды.

– Бұл қылмыстың беті “ізін суытпай” ашылды. Күдікті қалада енгізілген “Ұстау” арнайы жоспар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында құрықталды. Қылмыстық қару тәркіленді. Кісі өлтіру себебі анықталуда, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру