Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да учаскелік полиция инспекторларына жаңа автокөліктер берілді

БҚО-да ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай учаскелік полиция инспекторларына жаңа автокөліктер берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және облыс әкімдігінің қолдауымен БҚО Полиция департаментінің автопаркі су жаңа қызметтік көліктермен толықты.

Жол талғамайтын темір тұлпарлар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында табыс етілді. Заманауи құралдармен жабдықталған автомобильдер учаскелік полиция инспекторларының игілігіне берілді. Жаңа көліктер облыс орталығы мен шалғай елді мекендерге жөнелтілді.

Сондай-ақ, БҚО ПД бастығы Махсудхан Аблазимов қызметтік міндеттерін мінсіз әрі адал атқарған полиция қызметкерлерін марапаттап, арнаулы шендер табыстады. Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрінің арнайы жедел хаты оқылып, қызметте ерекше көзге түскен полиция қызметкерлеріне алғыс хаттар мен медальдар табыс етілді.

– “Жұртқа жақын полиция” қағидаты негізінде учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін көтеру, қоғамда қауіпсіздікті нығайту мақсаты көзделген. Бұл тұрғыда техникалық жабдықпен қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрінің нұсқауын сапалы әрі нақты орындауға мүмкіндік береді. Еліміздің Тәуелсіздігі күні құтты болсын. Халқымыз аман болсын, көк туымыз көгімізде желбірей берсін, – деді БҚО ПД бастығы Махсудхан Аблазимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру