Алматы полициясы есірткі саудасының 100-ден астам дерегінің жолын кесті
Алматы полициясы жыл басынан бері есірткі саудасының 100-ден астам дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда 383 есірткі қылмысы анықталып, есірткі сатуға қатысты 107 деректің жолы кесілген. Заңсыз айналымнан 227 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде, 67 келіден астам гашиш, 149,4 келі марихуана және 8,1 келі синтетикалық есірткі. Сонымен қатар «синтетика» шығаратын 7 зертхана жойылды. Сондай-ақ қаладағы ойын-сауық мекемелерінде есірткі таратудың 4 дерегінің жолы кесілді.
Жедел бөлім жыл басынан бері 50 бетбелгі қоюшы және ҚР ҚК-нің 299-1-бабымен есірткі ресурстарын жарнамалаған 5 адам ұсталғанын хабарлады.
Полицейлер еріктілермен бірлесіп, 242 профилактикалық іс-шара жүргізді 4500-ден астам граффити суретін бояды.