Алматы полициясы есірткі жарнамасына арнайы жадынамаларды жабыстырады
Полиция инспекторлары Қазақстан еріктілер лигасымен бірге есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы алдын-алу іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аэрозольді баллондармен қаруланған полиция қызметкерлері мен еріктілер аулаларды аралап, «өлімге әкелетін есірткі» жарнамасына сурет салады.
– Біз қабырғаларды сырлап қана қоймаймыз, сонымен қатар, есірткіні насихаттау және жарнамалау сияқты әрекеттердің заңсыз екендігі туралы жадынаманы жабыстырамыз. Бұл ҚР ҚК-нің 299-1-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғады. Жаза – бас бостандығынан айыру. Мысалы, веб-сайттың мекен-жайын жедел сатыға маркермен жазса, үш жылға дейінгі мерзім алады, егер бұл әрекеттер бірнеше рет жасалса – үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру. Бізге көмектесетін еріктілердің көпшілігі жастар, ал, қашықтықтан оқыту кезеңінде балалар есірткінің таралуына қарсы іс-шараларға белсенді қатысады. Сонымен қатар, бұл оқушылар мен студенттер арасында тамаша алдын-алу қызметін атқарады. Тек бір күнде біз трафарет, баллончик және жазбаша маркерлер көмегімен 50-ден астам жазуды боядық. Мұны, жас еріктілерге алғыс айтып, қолдау білдіретін азаматтар көреді. Біз бұл іс-шараларды белсенді әрі қамқор жастарымызбен бірге өткізе береміз, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.
Қала тұрғындары ғаламтор-ресурстардың мекен-жайы бар тыйым салынған жазуларды анықтауда, олар оңаша жерлерде ғана емес, сонымен қатар, көп қабатты үйлердің қасбеттерінде, үйлердің қоршауларында және басқа да қол жетімді жерлерде орналастырылған. Ақпарат Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының арнайы сенім нөміріне 8 705 549 70 25 келіп түсуде.