Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ұрыны ұстады

Қызылорда облысында қойларды ұрлаған ұры қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалағаш ауданы тұрғынынан өрісте жайылып жүрген екі бас қойы ұрланғандығы туралы шағым түсті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 32 жастағы сол ауылдың тұрғынын ұстады.

Ұсталған күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігі (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Мал ұрлығының алдын алу үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтарға өз мүлкін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынады. Аулаларда бейнебақылау камераларын немесе дабылды орнатуға болады. Егер ұрлық орын алса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру