Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы интернет-алаяқтықтың көбейгенін хабарлады

Алматы полициясы интернет-алаяқтықтың көбейгенін хабарлады, – деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы қалалық ПД басшысы халық алдындағы есеп беру кездесуінде интернет желісіндегі алаяқтық деректерінің екі есеге артқанына назар аударды.

– IT технологиялар саласындағы қылмысқа қатысты мәселелер өзекті болып қалуда. Бүгінде қылмыскерлер өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарына жету үшін әлеуметтік желілерді, сондай-ақ интернет кеңістігін белсенді түрде пайдалануда. Осындай қылмыс түрлерін ашумен айналысатын департаментте құрылған арнайы жедел-іздестіру тобы өткен жылы біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Біз алаяқтық жарнамалары бар интернет-сайттарды анықтау бойынша жұмысымызды жетілдірдік. Олар «Кибернадзор» жүйесі арқылы бұғатталады. Барлығы 1,5 мың осыған ұқсас ресурстар бұғатталған. Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлері, олардың алдын алу жолдары туралы ақпараттар бар әлеуметтік роликтер кеңінен таратылуда, – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, Алматы қаласының бас полицейі қабылданған шаралардың нәтижесінде бірінші тоқсанда интернет-алаяқтықтың тіркелуінің 45%-ға азайып, оның ашылу көрсеткіші 17%-ға жақсарғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру