Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының бас полицейі халық алдында есеп берді

Алматының бас полицейі халық алдында есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қанат Таймерденов өз баяндамасында қаладағы қылмыстық ахуал тұрақты және бақылауда екенін айтты.

– Дәстүрлі есеп беру кездесуінде қаладағы криминогендік жағдай, полицияның қылмысқа қарсы күресте қолданып жатқан жаңашылдықтары, ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру бойынша алдағы жоспарлар туралы хабардар етемін. Өткен жылдың қорытындысы бойынша алдыңғы жылмен салыстырғанда қылмыстардың тіркелуінің 4 пайызға төмендеуіне қол жеткіздік. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы пандемия кезінде қатаң локдаун барысында қылмыс 50%-ға азайған болатын. Осыған қарамастан, статистика барлық салада қылмысты азайтудың жақсы үрдісі бар екенін көрсетіп отыр, – деді Қанат Таймерденов.

Баяндамашының айтуынша, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 25,4%, қылмыстардың қайталануы 11,5%, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар 18,9% төмендеген.

– Қылмыстың азаюына өткен жылы жүргізілген бірқатар іс-шаралар әсер етті. Бұл полицияның модульдік бекеттерін орнату және пайдалану, жаяу патрульдерді күшейту, сондай-ақ саябақ аумағында электрокармен патрульдеу жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Біз еліміздің Әкімдігі мен Ішкі істер министрлігінің қолдауымен қала тұрғындары мен қонақтарының өздерін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін барлық шараларды қолданып жатырмыз. Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша алға қойылған міндеттердің барлығын дерлік орындадық, – деді Алматы полициясының басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру