Алматы полициясы интернет арқылы азаматтарды алдап соққан адамды ұстады
Алматы полициясы интернет арқылы азаматтарды алдап соққан адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 жастағы Б.есімді азамат танымал қазақстандық сайттарда апаттық жағдайдағы көліктерді бөлшектеп сату туралы жарнамалар орналастырды.
– Ұсыныстарға сұраныс көп болды: қол жетімді бағамен автокөлік алғысы келетіндер мәміле жасауға асықты. Ал, ереже бойынша, «сатушының» шарттарына сәйкес олар жарнамада көрсетілген нөмірге ақша жіберді. Әлі тауарды көрместен қолма-қол ақшасыз төлем арқылы алдын-ала қаражатты жіберіп қойған. Клиенттердің өкінішіне орай, бұл «сатушының» ешқандай автокөлігі болған жоқ және ол ештеңені де сатпақ емес. Күдікті банкоматтан қолма-қол ақшаны шешіп алып, жеке қажеттілігіне жұмсаған. Бұрын алаяқтық үшін сотты болған Б. есімді азамат Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің жедел қызметкерлерімен анықтылды және ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотталушының есебінде 10-нан астам осындай қылмыстық эпизодтар бар. ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.