Алматы полициясы күшейтілген қызметке ауысты
Алматы полициясы күшейтілген қызметке ауысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл шаһарда өткізілетін «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасына байланысты.
– Екі күндік іс-шара (22-24 қыркүйек аралығында) жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азайтуға, олардың салдарының ауырлығына бағытталған. Оның мақсаты – алдын-алу жұмыстарын күшейту және жол пайдаланушылары арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын азайту. ЖАІШ күндері жеке құрам күшейтілген нұсқада қызмет етеді. Сондай-ақ, «Қауіпсіз жол» науқаны аясында жолаушылар мен жүктерді автокөліктермен тасымалдауды жүзеге асыруда жол қауіпсіздігін бақылауға ерекше назар аударылатын болады, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Сонымен қатар, бөлімшеде жауынгерлік қызметтің жеке құрамына жүктелген негізгі міндет- жол жүру ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол ережелерінің талаптарын ескермейтін жүргізушілерді анықтау, өрескел бұзушылықтардан бастап – мас күйінде көлік жүргізу, қарама қарсы бағыттағы қозғалысқа шығу , қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу, мемлекеттік нөмірсіз көлік құралын басқару, апаттың айқын белгілері бар автокөліктерді анықтау және т.б.
– Сондай-ақ, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында Жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Көбіне жол апатына тек жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де кінәлі. Сондықтан мен жол қозғалысының барлық қатысушыларына жүгінгім келеді, көшелерді қатаң белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдерінен және тек жасыл бағдаршамнан өтіңіздер. Жүргізушілер өте мұқият болуы , жол ережесін бұзбауы және жылдамдықты сақтауы керек, – деді полковник Мұраталиев.