Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы Мұражай қызметкерлерінің күнін атап өтті

Алматы полициясы Мұражай қызметкерлерінің күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы кәсіби мереке күнін Алматы қалалық полиция Мұражайының директоры және жалғыз қызметкері – Баракат Бекәділ Шоптыбайұлы, аудандық бөлім қызметкерлеріне экскурсиялар жүргізіп, сүйікті ісіне арнады.

– Кейбір қызметкерлер біздің Мұражайда болған жоқ. Бұған көптеген себептер мен түсіндірулер бар, бірақ бұл жағдай түзетіліп жатыр. Біздің Мұражай қызметте және өсіп келеді. Жыл сайын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын дамытуға үлес қосқан Алматы қаласының Ішкі істер органдарының лауазымды тұлғалары мен маңызды күндеріне арналған 10-нан аса мерзімді көрме өткізіледі. Тұрақты түрде көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде – бұл Мұражай қорын толықтыру. Экспонаттарды Қазақстан Республикасы Президентінің және Орталық мемлекеттік мұрағаттармен тығыз байланыста кеңінен насихаттау тұрғысынан жұмыс жасалып жатыр. Біз өз өмірін құқық қорғау органдарына арнаған сарбаздарды еске алу мақсатында полиция мұражайын дамыта береміз, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті мұражайының бастығы Бекәділ Баракат.

Бекәділ Шоптыбайұлы Баракат Алматыда дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. Мәдениет саласында 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Бекәділ Шоптыбайұлы әр жылдары Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайында, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, Алматы қаласының Тарих мұражайында жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта мәдениет қайраткері фотосуреттер, экспонаттар, құжаттар, кітаптар және басқа да құнды мұраларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Тарихты біртіндеп жинай отырып, Бекәділ Шоптыбайұлы ішкі істер органдары тарихындағы ақ дақтарды шаң-тозаңмен сүртіп, өткен күндердің бейнелерін, іс-әрекеттерін, оқиғаларын жас ұрпаққа нұсқаулық және үлгі ретінде жаңғыртуда.
Халықаралық мұражай күні жыл сайын 18 мамырда атап өтіледі. Мерекенің тарихы 1946 жылы Халықаралық мұражайлар кеңесінің (ICOM) құрылуымен тығыз байланысты, ол мұражайлардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуді басты мақсат қылып қойды. Кеңес жұмысына бірден 115-тен астам елдің, оның ішінде КСРО-ның өкілдері қосылды. Кеңес Одағының бастамасымен ІСОМ 1977 жылы жаңа кәсіби мереке – Дүниежүзілік мұражай қызметкерлері күнін құрды. Бірінші рет мерекелеу 1978 жылы өтті. Қазіргі уақытта бұл мереке әлемнің 150 елінде кеңінен атап өтіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру