Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы қауіпсіз жол: шаһар жолдарында 800-ден астам бұзушылықтар анықталды

Алматыдағы қауіпсіз жол: шаһар жолдарында 800-ден астам бұзушылықтар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында “Қауіпсіз жол” іс-шарасы өткізілуде.

Полицейлер апаттық жағдайды азайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол қозғалысы қатысушылары арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауға, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстар мен басқа да заңсыз көріністерді уақтылы алдын алу мен жолын кесуге ерекше назар аударады.

– Ең көп кездесетін бұзушылықтар: мас күйінде көлік құралын басқару – 13, көлік құралын жүргізу құқығынсыз көлік құралын басқару – сегіз, көлік құралын басқару құқығынан айырылған болса да көлік құралын басқару – екеу, жалған МТНБ салынған көлікті басқару – сегіз, қарсы қозғалыс жолағына шығып кету – 15, бағдаршамның тыйым салынған дабылынан өтіп кету – 15, апаттық жағдай жасау – 48, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды қолдану – 141, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау – 162, маневр жасау ережелерін бұзу – 128, сонымен қатар 154 жаяу жүргіншілер жасаған құқық бұзушылықтар және т.с.с. , – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі б асқармасының бастығы Манап Саттаров.

Қадағалау функцияларынан басқа, Жергілікті полиция қызметі мен Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру