Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы оқушылардың қауіпсіздігін тексереді

11-15 наурыз аралығында Алматы қаласында кәмелетке толмағандар арасында жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында «Қауіпсіз мектеп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту, жыныстық қол сұғушылыққа жол бермеу, қорқыту, зорлық-зомбылық, қоғамға қарсы іс-әрекетке тартуды болдырмау, қоғамдық орындарда, жолдарда және бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын үйрету . Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті полиция қызметінің, жедел қызметтердің қызметкерлері, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, ата – аналар комитеттерінің, «Nur Otan» партиясының жастар қанатының өкілдері, жұртшылық және БАҚ жұмылдырылды», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Іс-шара аясында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәрбие, қоғамдық орындарда, бейтаныс адамдармен сөйлесу тәртібін сақтау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша оқушылармен және ата-аналармен кездесулер өткізу жоспарланған.

«Сондай-ақ, есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен тұрмысы нашар отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру, тұрғын үй – тұрмыстық жағдайын зерттеу және алдын алу әңгімелерін өткізу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі», – деп түйіндеді Лейла Әліпбаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру