Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Пробация” профилактикалық іс-шарасы басталды

Қызылорда облысында “Пробация” профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында 9-18 наурыз аралығында «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Аталған профилактикалық іс-шараның басты міндеті пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайларын тексеру, олармен тәрбиелік-профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізу, материалдық-тұрмыстық жағдайларын тексеріп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсету көлемін және пробация қызметі бақылауынан жалтарып жүрген сотталғандарды анықтау болып табылады.

Профилактикалық шара аясында Қармақшы аудандық прокуратурасы, полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі мен Қармашы аудандық пробация қызметі екі күні ішінде пробация қызметінің есебінде тіркеуде тұрған 12 азаматтың мекен-жайларын тексеріп, өздерімен және олардың тәрбиесіне оң ықпалын тигізетін туған-туыстарымен профилактикалық сұхбат жүргізді.

Шара ағымдағы жылдың 18 наурызына дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру