Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер жолда қалып қойған шетелдікке көмектесті

Қызылордалық полицейлер жолда қалып қойған шетелдікке көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қаңтар күні сағат 09:30 шамасында М-32 Шымкент-Самара тас жолының Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылының тұсында көктайғақтан Өзбекстан Республикасының 45 жастағы азаматының басқаруындағы ауыр жүк көлігі өздігінен жолдан шығып кеткен.

Жүк автокөлігінде жүргізушісі жалғыз өзі болған. Орын алған оқиғаға байланысты жүргізушіні эвакуациялау жөнінде хабарлама келіп түсті.

Қызылорда облысы ПД-нің Қармақшы аудандық патрульдік полиция тобының қызметкерлерінің көмегімен ауыр жүк көлігі тас жолға қайта шығарылып, жүргізуші сапарын жалғастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру