Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер “Спорт – өмір/Sport – life” челлендж эстафетасын жалғастырды

Қызылордалық полицейлер “Спорт – өмір/Sport – life” челлендж эстафетасын жалғастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Спорт – өмір/Sport – life” челленджі өтуде.

Екі апталық мерзімде өңірлік департаменттер осы челленджі ұйымдастырып, бір-біріне тапсырмақ.

– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында департаментпен түрлі шаралар ұйымдастырылуда – акциялар, турнирлер, эстафеталар және спартакиадалар, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Енді бүгін кезек Қызылорда облысының Полция департаментіне келді. Қызылордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алған челлендж эстафетасын қабылдады.

Бұл эстафета барысында тәртіп сақшылары бокс, волейбол, қол күресінен өз шеберліктерін, сондай-ақ Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасағы қызметкерлері жауынгерлік дайындық элементтерін көрсетті.

Қызылордалық полицейлер мерейтойлық эстафетаны Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіне жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру