Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді

Қызылорда облысының полицейлері тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қаңтар күні Қызылорда облысы Жалағаш ауданы тұрғынының мал қорасынан 5 жасар жылқысын белгісіз тұлғалар ұрлап кеткен. Жәбірленушіге  жалпы құны 500 мың теңге мүліктік шығын келтірілді.

Бұл ақпарат бойынша аудандық полиция бөлімінің полицейлермен кешенді жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жылқы Жалағаш ауданы Жеті Арал мал жайылымынан өз бетімен жайылып жүрген жерінен табылып, иесінің тұрғылықты мекенжайына жеткізілді.

Тұрғын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жұмыстарына сәттілік тілеп, өз алғысын білдіруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру