Алматы полициясы отбасылық агрессорларға сауалнама жүргізді
Алматы полициясы отбасылық агрессорларға сауалнама жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс жасау бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру» жобасы аясында «Қазақстанның тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты» ҚҚ психологы Алатау аудандық Полиция басқармасында басқыншылармен кездесу өтті. Отбасындағы жанжалдармен олардың тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау жағдайларын анықтау, сондай-ақ, олардың туындау себептерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
– Отбасы – қоғамымыздың құрамдас бөліктерінің бірі, оның құқықтарының бүгінгі күні қорғалу жағдайы осы қоғамның болашақта қандай болатынына байланысты. Отбасылық және тұрмыстық құқық бұзушылықтармен, оның ішінде қылмыстармен күрес ұзақ уақыт бойы зерттеу нысаны болды. Қазіргі кезеңде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Бұл жобаның мақсаты – агрессорлармен жұмыс істеудің жаңа формалары мен әдістерін әзірлеу, ер адамдармен жұмыс істеудің кешенді бағдарламасын әзірлеу және оны сынақтан өткізу болып табылады. Жоба агрессорлар мен ерлі-зайыптыларға кеңестер мен тренингтер, соның ішінде арнайы әдістемелер арқылы агрессивті мінез-құлық пен зорлық-зомбылыққа қатысты көзқарастарды түзетуді қарастырады, – деді Алатау аудандық ПБ-ның бастығы Ілияс Өмірсеріков.