Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Lada көлігінің жүргізушісінен қару тәркіленді

Шымкентте Lada көлігінің жүргізушісінен қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қарашада Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері М.Дулати көшесінің бойында күмән тудырған Lada маркалы көлігін тоқтатқан. Автокөлікті қарау кезінде жүргізушіден суық қару тәркіленді. Ер адам қаруды жеке қорғаныс үшін алып жүргенін мойындады.

Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары жедел-тергеу тобын шақыртып, жүргізушіні тиісті аудандық Полиция басқармасына жеткізді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Заттай дәлелдемелер ретінде алынған қару сараптамаға жіберілді.

Тергеу жұмыстарының нәтижесінде азаматтың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Күдіктінің қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру