Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы панасыз балаларды іздеуде

Алматы полициясы панасыз балаларды іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында 13-19 қыркүйек аралығында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Алматы қаласында «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, білім беру ұйымдарының қатысушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, – деп хабарлады Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық полициясының бастығы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың азайғаны туралы хабарлаған болатын. Қанат Таймерденовтың айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 22,4% төмендеуі байқалады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 5,6%-ға төмендеді.

– Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары ерекше бақылауда. Ағымдағы жылдың басынан бері 417 жасөспірім мен 375 қолайсыз отбасы анықталып, ішкі істер органдарына есепке алынды. 12 қиын жасөспірім девиантты іс-әрекетті балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберілді. Сонымен қатар 407 кәмелетке толмағандар Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамның қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 14 жалпықалалық жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді, – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру